Қазақстан Республикасы Экологиялық Кодексінің 365 – бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Глубокое аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Глубокое ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Глубокое аудандық мәслихатының төрағасы | А. Калигожин |
| Глубокое аудандық мәслихатының 2024 жылғы 5 маусымдағы № 12/6-VIIІ шешіміне қосымша |
Глубокое ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
№ | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер | Есептік бірлік | 1 есептік бірлікке жылдық норма, м3 |
1. | Жайлы және жайлы емес үйлер | 1 тұрғын | 2,38 |
2. | Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар | 1 орын | 0,96 |
3. | Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері | 1 орын | 0,52 |
4. | Балабақшалар, бөбекжай және басқа да мектепке дейінгі мекемелер | 1 орын | 0,44 |
5. | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, банктер, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 0,56 |
6. | Емханалар, медициналық орталықтар | 1 келіп кету | 0,002 |
7. | Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек-орын | 0,83 |
8. | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы | 0,21 |
9. | Мейрамханалар, дәмханалар, басқада көніл көтеретін ғимараттар және қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отыратын орын | 0,28 |
10. | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы, интернет-кафелер, компьютерлік клубтар | 1 отыратын орын | 0,02 |
11. | Мұражайлар, көрмелер | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,01 |
12. | Стадиондар, спорт алаңдары | Жоба бойынша 1 орын | 0,003 |
13. | Спорт, би және ойын залдары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,03 |
14. | Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері | Сауда алаңы 1 м2 | 0,38 |
Супермаркеттер | 0,10 | ||
15. | Машиналардан сату | Сауда орнының 1 м2 | 0,48 |
16. | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер | Сауда алаңы 1 м2 | 0,10 |
17. | Өнеркәсіптік, азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,04 |
18. | Тұрмыстық қызмет корсету үйі: халыққа қызмет көрсету | Жалпы алаңы 1 м2 | - |
19. | Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,13 |
20. | Жағажайлар, жолдардан көше сметалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,28 |
21. | Дәріханалар | Сауда алаңы 1 м2 | 0,36 |
22. | Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС | 1 машина-орын | 2,02 |
23. | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 4,65 |
24. | Гараж кооперативтері, гараждар, паркингтер | 1 гаражға | 0,06 |
25. | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 3,20 |
26. | Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі | Жалпы алаңы 1 м2 | - |
27. | Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,93 |
28. | Кішігірім жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар.) | 1 жұмыс орны | 0,86 |
29. | Моншалар, сауналар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,12 |
30. | Қала аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды, саябақ қалдықтары | 1000 қатысушы | 0,008 |
31. | Бау-бақша кооперативтері | 1 учаске | 0,74 |