Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 140-бабы, 2-тармағына сәйкес, Мұнайлы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мұнайлы ауданы бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Мұнайлы ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Әкім | Е.Күмісқалиев |
| "КЕЛІСІЛДІ" | |
| Н. Мұстафаев | |
| А. Отегенов | |
| С. Ногаева | |
| Е. Оспан | |
| Б. Орынбасаров | |
|
"Мұнайлы аудандық экономика және қаржы бөлімі" ММ басшысы |
|
| _______________ Ш. Сұңғат | |
| "___"__________ 2024 жыл |
| Мұнайлы ауданы әкімдігінің "___"_________ 2024 жылғы №_____________ қаулысына қосымша |
Мұнайлы ауданы бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі
Таза кіріс 3 000 000 теңгеге дейін | Таза кіріс сомасынан 5 пайыз |
Таза кіріс 3 000 001 теңгеден 50 000 000 теңгеге дейін | 3 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 150 000 теңге+10 пайыз |
Таза кіріс 50 000 001 теңгеден 250 00 000 теңгеге дейін | 50 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 4 850 000 теңге+15 пайыз |
Таза кіріс 250 000 001 теңгеден 500 000 000 теңгеге дейін | 250 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 34 850 000 теңге+25 пайыз |