Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының "Жайылымдар туралы" Заңының 9 бабына сәйкес, Алакөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алакөл ауданы бойынша жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде жайылым айналымдарының ұсынылатын схемасы, осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Алакөл ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 29 мамырдағы "Алакөл ауданы бойынша 2023-2024 жылдарға арналған жайылымдарды геобатаникалық зерттеп –қарау негізінде жайылым айналымдарының схемасын бекіту туралы" №169 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 182480 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алакөл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Алакөл ауданы әкімі | А.С.Абдинов |
| Алакөл ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 13 желтоқсандағы №417 қаулысының қосымшасы |
Алакөл ауданы бойынша жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде жайылым айналымдарының ұсынылатын схемасы

