Қазақстан Республикасы "Білім туралы" Заңының 6-бабы 2 - тармағының 8-5) тармақшасына, "Мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы №532 бұйрығына сәйкес Жетісу облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Жетісу облысының 2024 жылға бюджет қаражатының көлемдері шегінде мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жетісу облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Облыс әкімі | Б. Исабаев |
| Жетісу облысы әкімдігінің 2024 жылғы "___" ________ №_____ қаулысына қосымша |
Жетісу облысының 2024 жылға бюджет қаражатының көлемдері шегінде мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысы
Мамандар | Балалар саны |
Жеке сабақтар | Кіші топтық сабақтар (1 сағат, теңге) |
Топтық сабақтар |
Психолог | 119 | 6937 | 2465 | 1187 |
Логопед | 178 | 7320 | 2593 | 1242 |
Дефектолог | 159 | 7450 | 2636 | 1260 |
Тифлопедагог | 2 | 7421 | 2626 | 1256 |
Сурдопедагог | 1 | 7291 | 2583 | 1238 |
ЕДШ нұсқаушысы | 9 | 6942 | 2516 | 1251 |