Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 365-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 347 "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24212 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Хромтау ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Хромтау аудандық мәслихатының төрағасы |
Э. Б. Болатов |
| Хромтау аудандық мәслихатының 2024 жылғы "24" желтоқсандағы № 270 шешіміне қосымша |
Хромтау ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
№ | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер | Есептік бірлік | Коммуналдық қалдықтардың жиналған жылдық шамасы, м3 |
1 | Абаттандырылған үй иелігі | 1 тұрғын | 1,71 |
Абаттандырылмаған үй иелігі | 1,80 | ||
2 | Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар | 1 орын | 1,28 |
3 | Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері | 1 орын | 1,73 |
4 | Балабақшалар, бөбекжай және басқа да мектепке дейінгі мекемелер | 1 орын | 0,50 |
5 | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, банктер, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 1,31 |
6 | Емханалар, медициналық орталықтар | 1 келіп кету | 0,0012 |
7 | Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек-орын | 1,12 |
8 | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы | 0,20 |
9 | Мейрамханалар, дәмханалар, басқада көніл көтеретін ғимараттар және қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отыратын орын | 0,86 |
10 | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы, интернет-кафелер, компьютерлік клубтар | 1 отыратын орын | 0,35 |
11 | Мұражайлар, көрмелер | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,13 |
12 | Стадиондар, спорт алаңдары | Жоба бойынша 1 орын | 0,28 |
13 | Спорт, би және ойын залдары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,24 |
14 | Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, аралас дүкендер | Сауда алаңы 1 м2 | 0,53 |
15 | Машиналардан сату |
Сауда орнының | 0,56 |
16 | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер | Сауда алаңы 1 м2 | 0,25 |
17 | Өнеркәсіптік, азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,08 |
18 | Тұрмыстық қызмет көрсету үйі: халыққа қызмет көрсету | Жалпы алаңы 1 м2 | 1,02 |
19 | Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,23 |
20 | Жағажайлар, жолдардан көшесыпырындысы | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,09 |
21 | Дәріханалар | Сауда алаңы 1 м2 | 0,34 |
22 | Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС | 1 машина-орын | 1,93 |
23 | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 2,27 |
24 | Гараж кооперативтері, гараждар, паркингтер | 1 гаражға | 0,05 |
25 | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 1,28 |
26 | Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,33 |
27 | Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,35 |
28 | Кішігірім жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар.) | 1 жұмыс орны | 1,33 |
29 | Моншалар, сауналар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,31 |
30 | Қаланың аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды ұйымдар | 1 000 қатысушы | 0,20 |
31 | Бау-бақша кооперативтері | 1 учаске | 2,12 |