"Өсімдіктер карантині туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-1 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Ақмола облыстық аумақтық инспекциясының 2024 жылғы 21 ақпандағы № 03-08-75 ұсынымының негізінде, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақмола облысы аумағында келесі аудандарында жатаған (қызғылт) у кекіремен залалданған алаңдардың көлемінде карантиндік режимі алынып тасталсын:
1) Астрахан ауданы, Первомай ауылдық округі – залалданған алаң 1121 гектар;
2) Бұланды ауданы, Ерголка ауылдық округі – залалданған алаң 377 гектар;
3) Жақсы ауданы, Қызылсай ауылдық округі – залалданған алаң 642 гектар;
4) Жарқайың ауданы, Жаңадала ауылдық округі – залалданған алаң 600 гектар, Львов ауылы – залалданған алаң 1044 гектар, Тасөткел ауылы – залалданған алаң 1100 гектар, Үшқарасу ауылы – залалданған алаң 200 гектар, Державинск қаласы – залалданған алаң 400 гектар;
5) Сандықтау ауданы, Васильев ауылдық округі – залалданған алаң 398 гектар, Сандықтау ауылдық округі – залалданған алаң 3 гектар, Веселов ауылдық округі – залалданған алаң 362 гектар;
6) Целиноград ауданы, Шалқар ауылдық округі – залалданған алаң 30 гектар, Мәншүк Мәметова ауылы – залалданған алаң 472 гектар, Софиевка ауылдық округі – залалданған алаң 544 гектар, Рахымжан Қошқарбаев атындағы ауылдық округі – залалданған алаң 342 гектар, Жаңаесіл ауылдық округі – залалданған алаң 309 гектар;
7) Шортанды ауданы, Андреев ауылдық округі – залалданған алаң 494 гектар.
2. "Ақмола облысы аумағында карантиндік режимін енгізе отырып карантинді аймағын белгілеу туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2021 жылғы 28 мамырдағы № А-5/270 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8493 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1, 2, 3-қосымшалары осы қаулының 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Ақмола облысы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Ақмола облысы әкімінің міндетін атқарушы | Е.Рамазанов |
| Ақмола облысы әкімдігінің 2024 жылғы 1 наурыздағы № А-3/101 қаулысына 1-қосымша |
|
| Ақмола облысы әкімдігінің 2021 жылғы 28 мамырдағы № А-5/270 қаулысына 1-қосымша |
Ақмола облысының аумағында карантиндік арамшөп – жатаған (қызғылт) у кекіремен залалданған алаңдарға карантиндік режим енгізе отырып белгіленген карантинді аймақтар
№ | Аудандардың атауы | Қалалардың, ауылдық округтердің, ауылдардың, кенттердің атаулары | Залалданған жерлердің көлемі (гектар) |
1 | Ақкөл | Ауылдық округтері: Новорыбин, Урюпин | 517 |
2 | Астрахан | Ауылдық округтері: Астрахан, Есіл, Николаев, Острогор, Первомай, Ұзынкөл; Каменка ауылы. | 10 143,7737 |
3 | Атбасар | Атбасар қаласы; ауылдық округтері: Макеевка, Сергеевка, Шұңқыркөл, | 2 433,3489 |
4 | Аршалы | Ауылдық округтері: Жібек жолы, Бірсуат, Константинов | 960 |
5 | Біржан сал | Ауылдық округтері: Баймырза, Бірсуат, Макинка; Мамай ауылы | 2607 |
6 | Егіндікөл | Ауылдық округтері: Алакөл, Ұзынкөл, Жалманқұлақ; ауылдар: Абай, Бауман, Буревестник, Егіндікөл, Спиридоновка | 15 539,3 |
7 | Ерейментау | Еркіншілік ауылдық округі | 650 |
8 | Есіл | Ауылдық округтері: Бұзылық, Двуречный, Жаныспай, Қаракөл, Красивинский, Свободный; ауылдар: Ақсай, Московский; Красногорский кенті | 19 247 |
9 | Жарқайың | Державин қаласы; ауылдық округтері: Жаңадала, Костычево, Нахимов, Отрадный, Уәлихан; ауылдар: Бірсуат, Гастелло, Құмсуат, Львов, Пригород, Пятигор, Үшқарасу, Тасөткел, Тассуат, Шойындыкөл | 80 314,3 |
10 | Жақсы | Ауылдық округтері: Жаңа Қийма, Ешім, Қызылсай, Запорожье, Тарасов, Беловод; ауылдар: Жақсы, Терісаққан, Белағаш, Подгорное, Киевское, Новокиенка | 14 344,9536 |
11 | Зеренді | Ауылдық округтері: Зеренді, Күсеп. | 683 |
12 | Сандықтау | Ауылдық округтері: Барақпай, Васильев, Веселов, Жамбыл, Сандықтау, Широков, Максимов; Мәдениет ауылы, | 5134 |
13 | Қорғалжын | Ауылдық округтері: Қорғалжын, Кеңбидайық, Арықты, Майшұқыр, Қызылсай, Амангелді, Қарашалғын. | 34 045,260 |
14 | Целиноград | Ауылдық округтері: Шалқар, Софиевка, Рахымжан Қошқарбаев, Арайлы, Жаңаесіл, Нұресіл, Оразақ, Жарлыкөл, Родина; ауылдар: Мәншүк Мәметова, Ақмол | 36 775,1077 |
15 | Шортанды | Ауылдық округтері: Раевка, Новокубанка, Бектау, Пригородный, Петровка, Андреевка, Бозайғыр, Дамса; Шортанды кенті. | 18 198,294 |
Барлығы: | 241 592,3379 |
| Ақмола облысы әкімдігінің 2024 жылғы 1 наурыздағы № А-3/101 қаулысына 2-қосымша |
|
| Ақмола облысы әкімдігінің 2021 жылғы 28 мамырдағы № А-5/270 қаулысына 2-қосымша |
Ақмола облысының аумағында карантиндік арамшөп – далалық арамсояумен залалданған алаңдарға карантиндік режим енгізе отырып белгіленген карантинді аймақтар
№ | Аудандардың атауы | Қалалар, кенттер, ауылдық округтер және ауылдардың атауы | Залалданған жерлердің көлемі (гектар) |
1 | Атбасар | Атбасар қаласы | 0,0186 |
2 | Есіл | Ауылдық округтері: Двуречный, Қаракөл, Интернациональный, Свободный | 40,0 |
3 | Жақсы | Ауылдық округтері: Ешім, Жаңа Қийма, Қызылсай | 10,188 |
4 | Жарқайың | Ауылдық округтері: Жаңадала, Отрадный, Пятигор; ауылдар: Бірсуат, Гастелло, Пригород, Далабай | 44,3 |
5 | Зеренді | Айдабол ауылдық округі | 0,4884 |
6 | Сандықтау | Ауылдық округтері: Балкашин, Сандықтау, Широков | 6,9 |
Барлығы: | 101,895 |
| Ақмола облысы әкімдігінің 2024 жылғы 1 наурыздағы № А-3/101 қаулысына 3-қосымша |
|
| Ақмола облысы әкімдігінің 2021 жылғы 28 мамырдағы № А-5/270 қаулысына 3-қосымша |
Ақмола облысының аумағында орманның карантиндік зиянкесі – жұпсыз жібек көбелегімен залалданған алаңдарға карантиндік режим енгізе отырып белгіленген карантинді аймақтар
№ | Аудандардың атауы | Ауылдық округтердің атауы | Залалданған жерлердің көлемі (гектар) |
1 | Сандықтау | Балкашин ауылдық округі | 17,5 |
Белгород ауылдық округі | 35,0 | ||
Барлығы: | 52,5 |