Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Бөкей ордасы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Бөкей ордасы аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| мәслихат төрағасы | Л. Кайргалиева |
| 2023 жылғы 25 қыркүйектегі № 7-1 Шешіміне қосымша |
1. Бөкей ордасы аудандық мәслихатының "Бөкей ордасы ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" 2021 жылғы 31 наурыздағы № 3-3 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6920 тіркелген).
2. Бөкей ордасы аудандық мәслихатының "Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 31 наурыздағы № 3-3 "Бөкей ордасы ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2022 жылғы 7 қыркүйектегі № 20-4 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29513 тіркелген).
3. Бөкей ордасы аудандық мәслихатының "Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 31 наурыздағы № 3-3 "Бөкей ордасы ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2022 жылғы 30 қарашадағы № 22-3 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30999 тіркелген).