Қазақстан Республикасының "Автомобиль көлігі туралы" Заңының 19 бабының 4, 5 тармақтарына сәйкес Орал қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 20.03.2024 № 479 қаулысымен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).1. Орал қаласының жолаушыларын әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифтері төлем тәсіліне байланысты келесі мөлшерде белгілесін:
жол ақысын ұялы байланыс операторының көрсетілетін қызметтері немесе көлік картасы немесе мобильді қосымша арқылы қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде – 100 теңге;
жол ақысын қолма-қол ақшамен төлеу кезінде – 200 теңге.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Орал қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қала әкімі | М.Сатқанов |
Келісілді:
Орал қалалық мәслихатының
төрағасы Е.Қалиев