Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңына сәйкес, халық пікірін ескере отырып және Түркістан облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 21 сәуірдегі қорытындысы негізінде Бабайқорған ауылдық округі әкімі ШЕШТІМ:
1. Бабайқорған ауылдық округіндегі атауы жоқ көшелеріне;
№16 атауы жоқ көшені - Айнакөл көшесі,
№17 атауы жоқ көшені - Бозбұтақ көшесі,
№18 атауы жоқ көшені - Қоғашық көшесі,
№19 атауы жоқ көшені - Жылаған ата көшесі,
№20 атауы жоқ көшені - Бұзауқорған көшесі,
№21 атауы жоқ көшені - Үкаш ата көшесі,
№22 атауы жоқ көшені - Оғызтау көшесі,
№23 атауы жоқ көшені - Игілік көшесі деп атаулар берілсін.
2. Сауран ауданы әкімдігінің "Бабайқорған ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Сауран ауданы әкімдігінің интернет-ресурстарында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
| Бабайқорған ауылдық округінің әкімі | А.Абдраимов |