Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Занының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, 2023 жылғы 30 мамырдағы Павлодар облыстық ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде, Павлодар ауданы Шақат ауылдық округінің әкіміШЕШТІ:
1. Павлодар ауданы Шақат ауылдық округі Шақат ауылының келесі көшесі қайта аталсын:
- "Механизаторская" көшесі "Қабзақір Құшманұлы" көшесіне.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Шақат ауылдық округінің әкімі | Е. Канкин |