Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Бобровка ауылдық округі Жаңабет ауылы халқының пікірін ескере отырып және 2023 жылғы 30 мамырдағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Тереңкөл ауданы Бобровка ауылдық округі Жаңабет ауылының келесі көшелері:
"Кооперативная" көшесі "Әйтеке би" көшесі болып;
"Молодежная" көшесі "Төле би" көшесі болып;
"Пионерская" көшесі "Қазыбек би" көшесі болып қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Бобровка ауылдық округінің әкімі | Р. Умаров |