Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына, сәйкес, Ескелді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ескелді аудандық мәслихатының 2023 жылғы 30 мамырдағы "Ескелді ауданы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы" № 5-19 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне 186228 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Ескелді аудандық мәслихатының төрағасы | К. Сатанов |