Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Зеренді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Зеренді ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудандық мәслихаттың төрағасы | Р.Ғабдуллина |
| Зеренді аудандық мәслихатының 2023 жылғы 23 қарашадағы № 11-76 шешіміне қосымша |
Зеренді ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормалары
№ | Объектілердің атауы | Есептік бірлік | Жиналған есептік нормалары, м3/жыл |
1. | Абаттандырылған үй иеліктері | 1 тұрғын | 0,75 |
Абаттандырылмаған үй иеліктері | 1 тұрғын | 0,78 | |
2. | Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқты объектілер | 1 орын | 0,552 |
3. | Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері | 1 орын | 0,502 |
4. | Балабақшалар, бөбекжай және басқа да мектепке дейінгі мекемелер | 1 орын | 0,489 |
5. | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, банктер, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 0,272 |
6. | Емханалар, медициналық орталықтар | 1 келіп кету | 0,123 |
7. | Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек-орын | 0,303 |
8. | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы | 0,117 |
9. | Мейрамханалар, дәмханалар, басқада көңіл көтеретін орындар және қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отыратын орын | 0,55 |
10. | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы, интернет-кафелер, компьютерлік клубтар | 1 отыратын орын | 0,085 |
11. | Мұражайлар, көрмелер | жалпы алаңы 1м2 | - |
12. | Стадиондар, спорт алаңдары | жоба бойынша 1 орын | 0,018 |
13. | Спорт, би және ойын залдары | жалпы алаңы 1 м2 | 0,011 |
14. | Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, аралас дүкендер | сауда алаңы 1 м2 | 0,062 |
15. | Машиналардан сату | сауда орны 1 м2 | - |
16. | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер | сауда алаңы 1 м2 | 0,052 |
17. | Өнеркәсіптік, азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары | жалпы алаңы 1 м2 | - |
18. | Тұрмыстық үйі: халыққа қызмет көрсету | жалпы алаңы 1 м2 | - |
19. | Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар | жалпы алаңы 1 м2 | - |
20. | Жағажайлар, жолдардан көше сыпырындылары | жалпы алаңы 1 м2 | 0,00067 |
21. | Дәріханалар | сауда алаңы 1 м2 | 0,004 |
22. | Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС | 1 машина-орын | 4,805 |
23. | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 9,89 |
24. | Гараж кооперативтері, гараждар, паркингтер | 1 гаражға | - |
25. | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 1,742 |
26. | Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі | жалпы алаңы 1 м2 | 0,002 |
27. | Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары | жалпы алаңы 1 м2 | - |
28. | Кішігірім жөндеу және қызмет көрсету (кілттер жасау және т.б.) | 1 жұмыс орны | - |
29. | Моншалар, сауналар | жалпы алаңы 1 м2 | 0,101 |
30. | Қала аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды, саябақ қалдықтары | 1000 қатысушы | - |
31. | Бау-бақша кооперативтері | 1 телім | - |