БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі деп аталсын.
2. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрық бекітілген күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына электрондық нысанда қазақ және орыс тілдерінде жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
5. Күші жойылды деп танылсын:
1) "Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 5 мамырдағы № 129 бұйрығы;
2) "Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 5 мамырдағы № 129 бұйрығына "Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 24 наурыздағы № 84 бұйрығы;
3) "Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2023 жылғы 3 тамыздағы № 324-НҚ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтары тізбесінің 4-тармағы.
6. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі |
А. Балаева |
| Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2023 жылғы "27" қыркүйектегі № 378-НҚ бұйрығымен бекітілген |
"Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ
1 тарау. Жалпы ережелер
1. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Комитет) мемлекеттік этносаралық саясат саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) ведомствосы болып табылады.
2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комитет республикалық мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттар бар.
4. Комитет өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.
5. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, Комитет мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
6. Комитет өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет төрағасының немесе оны алмастыратын адамның бұйрықтарымен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Комитеттің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
8. Комитеттің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8 үй, "Министрліктер үйі" ғимараты, № 15 кіреберіс.
9. Комитеттің толық атауы – "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже Комитеттің құрылтайшылық құжаты болып табылады.
11. Комитеттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылады.
12. Комитетке кәсіпкерлік субъектілерімен Комитеттің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Комитетке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2 тарау. Комитет міндеттемелері,құқықтары мен міндеттері
13. Комитеттің міндеттемелері:
1) этносаралық қатынастар мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;
2) Комитеттің құзыретіне жатқызылған қызмет салаларында салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;
3) Комитетке жүктелген өзге де міндеттер.
14. Құқықтары мен міндеттері:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен өз құзыреті шегінде құқықтық актілерді қабылдау;
2) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдарды заңнамада белгіленген тәртіппен сұрату және алу;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға міндетті;
4) Комитет жанынан консультативтік-кеңесші органдар құру;
5) Комитеттің құзыреті шегінде іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
6) азаматтық қоғамды дамытуға үлес қосқан адамдарды мемлекеттік наградаларға ұсыну туралы ұсыныстар енгізуге құқылы;
7) халықаралық ұйымдар мен лауазымды тұлғаларды қоса алғанда, мемлекеттік органдармен, ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға міндетті;
8) Комитетке берілген мүлікті басқаруды жүзеге асыруға міндетті;
9) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
15. Функциялары:
1) жалпы функциялар:
стратегиялық:
Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеу;
өз құзыреті шегінде ұлттық қауіпсіздік жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік саласындағы заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз ету;
Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдар мен шарттарды, оның ішінде халықаралық шарттарды әзірлеу және жасасу;
реттеуші:
адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына қатысты нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, оларды бекіту жөніндегі тікелей өкілеттік Министрдің бұйрықтарында көзделген жағдайда Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және бекіту;
іске асыру:
этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіру және іске асыруға қатысу, қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
Комитет реттейтін салаларда норматитвік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізу, оның ішінде этносаралық қатынастарды дамыту мәселелерінде халықтың құқытық сауаттылығын арттыру;
Қазақстан Республикасында этносаралық қатынастардың дамуын мониторингілеу және бақылау;
Қазақстан халқы Ассамблеясымен (бұдан әрі – ҚХА), орталық мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдармен және өзге де ұйымдармен Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасау;
жергілікті атқарушы органдардың этносаралық қатынастар саласындағы қызметіне әдістемелік басшылықты қамтамасыз ету;
этносаралық қатынастарды дамыту және қоғамдық келісімді нығайту саласында мемлекеттік стратегиялық бағдарламалар мен құжаттарды ілгерілету жөніндегі ақпараттық түсіндіру іс-шараларын іске асыру;
ішкі саяси тұрақтылықты, этносаралық келісімді нығайтуға бағытталған халықаралық, республикалық және өзге де іс-шараларды, акциялар мен байқауларды өткізуді ұйымдастыру;
республикадағы этносаралық ахауалды мониторингілеу және талдау;
этносаралық қатынастарды дамыту және жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша қоғамдық бірлестіктердің, коммерциялық емес ұйымдардың, кәсіптік одақтар мен өзге де ұйымдардың, сараптамалық қоғам өкілдерімен өзара іс-қимыл;
мемлекеттік құпияларды қамтитын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына және сараптамалық кеңестерге консультативтік кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын консультативтік құжатты немесе нормативтік құқықтық актінің тиісті жобасын сараптамалық қорытындылар алу үшін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына орналастыру туралы хабарлама жіберу;
Комитеттің құзыреті аясында қоғамдық кеңестің ұсынымдарын қарау;
республикалық бюджеттік бағдарламаларды іске асыруға қатысу;
ҚХА қоғамдық жобаларының жүзеге асырылуына талдау жасауға және мониторингке қатысу;
ҚХА қоғамдық құрылымдарының қызметіне талдау жасауға қатысу;
этномәдени бірлестіктердің жұмысына мониторинг пе талдауды жүзеге асыру;
этносаралық келісім мен толеранттылықты нығайту бойынша жастар ұйымдарымен және өзге де қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауды және ынтымақтастықты жүзеге асыру;
жастар арасында этносаралық келісім мен толеранттылықты нығайту жөнінде түсіндіру жұмысын жүзеге асыру;
Комитеттің құзыретіне жататын қызмет салаларында ведомствоаралық өзара іс-қимылды және салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;
ашық деректердің, ашық бюджеттердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру;
Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қызметін қамтамасыз ету;
ведомстволық бағынысты ұйымдарға мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, сондай-ақ өтініштерде (өтініштер, шағымдар), сұрау салуларда, ұсыныстарда, үн қосуларда және хабарламаларда жеке және заңды тұлғалар көтеретін жүйелі проблемаларды талдауды, мониторингілеуді және анықтауды жүзеге асыру;
қажет болған кезде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сұрау салуы бойынша хабардар ету тәсілінің және реттеуші саясаттың консультативтік құжатын жария талқылауды жүргізу тәсілінің (тәсілдерінің) толықтығы бойынша қорытынды беру;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сотқа талап қою;
Министрліктің мемлекеттік сатып алу жоспарына этносаралық қатынастар саласы бойынша ұсыныстарды (іс-шаралар, жобалар, қызметтер және басқа) әзірлеу және жолдау;
Комитеттің құзыреті аясында мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметті жүзеге асыру;
көрсетілген қызметтер актілерін қарау және келісу;
үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен халық, оның ішінде жастар арасында этносаралық келісім мен толеранттылықты нығайту мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты, гранттар мен сыйлықтарды қалыптастыруды, іске асыру мониторингін және нәтижелерін бағалауды жүзеге асыру;
біліктілік анықтамалықтарды және басшылардың, мамандардың және этносаралық қатынастар саласындағы басқа да мемлекеттік ұйымдардың қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын әзірлеу, бекіту;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыру;
саласындағы Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің сақталуын қамтамасыз ету;
мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Министрлік реттейтін салада әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды әзірлеу және бекіту;
халықты ұлттық қауіпсіздіктің жай-күйі және оны қамтамасыз ету жөнінде қабылданатын шаралар туралы хабардар ету, мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы заңнаманы сақтай отырып, насихаттау және қарсы насихаттау қызметін жүргізу;
Қазақстан Республикасының этносаралық қатынастар саласында әлеуметтік-экономикалық даму болжамының көрсеткіштерін болжау әдістемесін бекіту және әзірлеу;
Комитеттің құзыреті шегінде техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттарды әзірлеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іс-шараларын сапалы және уақтылы орындау жөніндегі нысаналы индикаторларға, көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша жұмысты қамтамасыз ету;
Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша саяси партиялармен, коммерциялық емес ұйымдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
Біріккен Ұлттар Ұйымының орнықты даму мақсаттарын Комитет құзыреті шегінде имплементациялау жөніндегі жұмысты қамтамасыз ету;
мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланатын тақырыптарын және іске асырылуы жөніндегі ақпаратты, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін бағалауды өзінің интернет-ресурсында орналастыру;
үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, оның іске асырылу мониторингін және нәтижелерін бағалауды жүзеге асыру;
ұлттың әлеуметтік-мәдени кодын, қоғамның рухани және адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік жобаларды ұйымдастыру және үйлестіру;
техникалық регламенттерді, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын әзірлеу және орындау;
кәсіптер тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға ұсыныстар енгізу;
кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) өзектілендіру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау және оларды кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға жіберу;
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша ағымдағы және болашақ кезеңдерде кәсіптердің өзектілігін ескере отырып, еңбек нарығының кәсіптік біліктілікті танудағы қажеттілігін қалыптастыру;
кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестер туралы ережені әзірлеу және бекіту;
бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша этносаралық қатынастар саласындағы заттай нормаларды әзірлеу және бекіту;
уәкілетті органмен келісу бойынша әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды, сондай-ақ көрсеткіштерді есептеу әдістемелерін бекіту;
мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша ведомстволық статистикалық байқаулар жүргізуге арналған нысандарды және оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу және бекіту;
Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерінде, сондай-ақ Министрліктің басшылығының тапсырмасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Осы тармақтың 1) тармақшада көзделген функциялар ортақ болып табылады және оларды Комитеттің барлық басқармалары өз құзыреттері шегінде іске асырады.
2) Этносарарлық қатынастар мониторингі басқармасы:
іске асыру:
республикадағы этносаралық келісімнің жай-күйін зерделеу және талдау жүргізу;
этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері бойынша талдамалық және өзге де зерттеулердің сапалы жүргізілуін қамтамасыз ету және бақылау;
Басқарманың құзыреті шеңберінде этникалық топтар бөлінісінде статистикалық және өзге де деректерді жинауды және өңдеуді жүзеге асыру;
Басқарманың құзыреті шеңберінде жергілікті атқарушы органдардың этносаралық қатынастар саласында талдамалық және әлеуметтанулық зерттеулер жүргізу барысына мониторингті қамтамасыз ету;
жергілікті атқарушы органдар ұсынған әлеуметтанулық есептердегі деректердің сәйкестігіне талдау, верификация және сараптама жүргізу;
Басқарманың құзыреті шеңберінде қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті сақтау және нығайту мәселелері бойынша әдістемелік қамтамасыз ету;
этносаралық қатынастардың жай-күйін және жергілікті атқарушы органдар жұмысының нәтижелерін бағалауды талдамалық және мониторингтік сүйемелдеу.
3) Этносаралық қатынастар саласындағы жобаларды іске асыру басқармасы:
реттеуші:
этносаралық қатынастар саласындағы ең төменгі нормативтерді міндетті түрде қолдана отырып ведомстволық бағынысты ұйымдар нормативінің ең төменгі стандарттар желісінің нормаларын әзірлеу;
іске асыру:
Басқарманың құзыреті шеңберінде нысаналы индикаторларға, көрсеткіштерге қол жеткізу, мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іс-шараларын сапалы және уақтылы орындау жөніндегі жұмысты үйлестіру және қамтамасыз ету;
ел басшылығының тапсырмаларын және Министрліктің этносаралық қатынастарды дамыту саласындағы стратегиялық құжаттарын орындау бойынша жиынтық-талдамалық қызметті жүзеге асыру;
этносаралық салада жоспарланған және өткізілген іс-шаралар туралы есепті материалдарды тұрақты негізде (апта сайын, ай сайын және тоқсан сайын) дайындау және ұсыну;
этносаралық қатынастар саласында белсенділік танытқан және нәтижелерге қол жеткізген адамдарды көтермелеу және қолдау мәселелері бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;
этносаралық келісімді нығайту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі бюджеттік бағдарламалар көрсеткіштеріне қол жеткізуді әзірлеу, мониторингілеу.
4) Өңірлік жұмыс басқармасы:
іске асыру:
этносаралық қатынастар саласындағы жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыру, талдау жүргізу;
этносаралық қатынастарды дамыту саласындағы мәселелерді кешенді шешу мақсатында мемлекеттік органдармен, ұйымдармен ведомствоаралық өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
мемлекеттік органдар жұмысының алғышарттарын іске асыру және этносаралық қатынастар саласында профилактикалық жұмыстарды жүзеге асыру мәселелері бойынша барлық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері үшін оқыту іс-шараларын (семинарлар, тренингтер) өткізу.
5) Қазақстан халқы Ассамблеясымен өзара іс-қимыл басқармасы:
орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдардың Қазақстан халқы Ассамблеясының 2030 жылға дейінгі "Бірлігіміз әралуандықта" даму тұжырымдамасының және оның іс-қимыл жоспарының нысаналы индикаторларын іске асыру және оларға қол жеткізу жөніндегі қызметін үйлестіру және мониторингілеу;
Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының, оның ішінде жыл сайынғы сессиялар мен Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің қорытындылары бойынша тапсырмаларының уақтылы және сапалы орындалуын мониторингілеуге қатысу;
Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясының жыл сайынғы сессиялары мен кеңестерін ұйымдастыру және өткізу;
Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерінің және мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңестерінің өңірлік отырыстарын үйлестіру және өткізу;
Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелерімен қоғамдық келісім мен Қазақстан халқының жалпыұлттық бірлігін қамтамасыз ету және сақтау мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау;
Қазақстан халқы Ассамблеясын дамыту тұжырымдамасын әзірлеуге қатысу және оның іс-қимыл жоспарын іске асыру бойынша үйлестіру.
6) Ведомствоаралық үйлестіру басқармасы:
іске асыру:
этносаралық қатынастарды дамыту саласындағы ведомствоаралық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету және мүдделі мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіру;
Қазақстан Республикасының этносаралық қатынастарды дамыту саласындағы халықаралық міндеттемелерін орындау мәселелерін ведомствоаралық үйлестіру;
кемсітушілік заңнамасы және Нәсілдік кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы халықаралық конвенцияны орындау мәселелері бойынша тұрақты жұмыс тобының қызметін ұйымдастыру;
мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен азаматтық қоғам институттарының этносаралық қатынастар саласындағы тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге қатысу, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдайлар жасау;
этносаралық қатынастар мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін орындау бойынша талдамалық материалдарды, анықтамаларды, баяндамаларды және өзге де материалдарды, сондай-ақ ведомствоаралық есептерді дайындауға қатысу;
"Қоғамдық келісім" өңірлік коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің қызметіне мониторинг жүргізу, олардың қызметінің тиімділігін бағалау.
7) Әдістемелік қамтамасыз ету және ақпараттық-түсіндіру жұмысы басқармасы:
іске асыру:
этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша өңірлердегі ақпараттық-түсіндіру топтары қызметінің тиімділігін талдау;
республикалық және өңірлік деңгейлердегі этносаралық қатынастардың өзекті мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жоспарлау және үйлестіру;
этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясаттың басымдықтарын түсіндіру бойынша бұқаралық ақпарат құралдары үшін оқыту іс-шараларын жүргізу, оларды әдістемелік қолдауды жүзеге асыру;
мәдениетаралық және этносаралық бірлікті нығайту бойынша "Әдебиет және журналистика саласындағы үздік жұмыстары үшін" және "Мәдениет және өнер саласындағы үздік туындылары үшін" сыйлығын табыстауды ұйымдастыру жөніндегі жұмысқа қатысу.
8) Этномәдени бірлестіктермен өзара іс-қимыл басқармасы:
іске асыру:
этномәдени бірлестіктерге әдістемелік, ұйымдастырушылық және құқықтық қолдау көрсету;
этномәдени бірлестіктерді қоғамдық аккредиттеуден өткізуге қатысу;
қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірлік саласында медиацияны дамытуға жәрдемдесуге қатысу;
өңірлердегі Қазақстан халқы Ассамблеясы медиация орталықтары мен Қазақстан халқы Ассамблеясы медиаторларының қызметін үйлестіру және талдау;
этносаралық қатынастар саласындағы медиация мәселелері бойынша қоғамдық бірлестіктермен және коммерциялық емес ұйымдармен, сараптамалық қоғамдастық өкілдерімен өзара іс-қимыл жасау;
республикалық Достық үйінің қызметін үйлестіру.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрінің 02.04.2026 № 149-НҚ бұйрығымен.3 тарау. Комитет басшысының оның қызметін ұйымдастыру кезіндегі мәртебесі мен өкілеттіктері
16. Комитетке басшылықты Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болатын төраға жүзеге асырады.
17. Төраға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
18. Комитет төрағасының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
19. Комитет төрағасының өкілеттігі:
1) Министрдің, Министрліктің аппарат басшысының және жетекшілік ететін вице-министрдің тапсырмаларын міндетті түрде орындайды;
2) өзінің орынбасарлары мен Комитеттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының және жұмыскерлерінің міндеттерін және өкілеттіктерін айқындайды;
3) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді;
4) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдардың және лауазымды тұлғалардың құзыретіне жатқызылған жұмыскерлерден басқа, Комитет жұмыскерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
5) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымдық тұлғалардың құзыретіне жатқызылған жұмыскерлерден басқа, Комитет жұмыскерлерінің іссапар, еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, ынталандыру, үстемақылар төлеу және сыйлықақы беру, сондай-ақ тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселелерін шешеді;
6) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда қолданыстағы заңнамаларға сәйкес Комитеттің мүддесін білдіреді;
7) Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің ережелерін бекітеді;
8) мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарттарға, орындалған жұмыстар актілеріне, сондай-ақ жетекшілік ететін салалар шеңберіндегі шарттарға қол қояды;
9) сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің туындауына әкеп соғатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары немесе әрекеттері белгілі болған кезде, ол туралы Министрліктің басшылығын хабардар етеді;
10) Комитет қызметкерлерінің мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы нормаларын сақтауын қамтамасыз етеді;
11) Комитетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына дербес жауапты болады;
12) өз құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.
Комитет төрағасы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды оны алмастыратын адам Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
20. Комитет төрағасы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
4 тарау. Комитеттің мүлкі
21. Комитеттің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады. Комитеттің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
22. Комитетке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Комитеттің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5 тарау. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
24. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
25. Комитеттің қарауына жататын мемлекеттік мекемелердің тізбесі:
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің "Қоғамдық келісім" республикалық мемлекеттік мекемесі.
Ескерту. 25-тармақпен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрінің 02.04.2026 № 149-НҚ бұйрығымен.