Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 18-бабы 5-1) тармақшасын, 69-бабы 4-тармағының 2) тармақшасын басшылыққа алып, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1 тармағының 10) тармақшасын және 37-бабы негізінде, "Сүттіқұдық" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының хатына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Сүттіқұдық" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (100540010898) композициялық материалдар мен пластмасса зауытына мұнай құбыры құрылысын салу және пайдалану үшін жер пайдаланушылардан және меншік иелерінен жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарусыз, Зейнолла Қабдолов көшесі, № 31/1 құрылыс мекенжайында орналасқан ұзындығы 1086 метр жер учаскесіне 25 жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын өзіме қалдырамын.
3. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Ш. Кейкин |