"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 "Мемлекеттік органдармен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" қаулысына сәйкес Әулиекөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қоса беріліп отырған "Әулиекөл аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
2. "Әулиекөл аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) көрсетілген Ереженің заңнамада белгіленген тәртіпте әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімге қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы шешім ресми жарияланғанынан кейін оның Әулиекөл аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Әулиекөл аудандық мәслихатының аппарат басшысына жүктелсін.
4. "Әулиекөл аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 23 қарашадағы № 242 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Аудандық мәслихаттың хатшысы | Д. Қойшыбаев |
| Мәслихаттың | |
| 2021 жылғы 27 желтоқсандағы | |
| № 81 шешімімен | |
| бекітілді |
"Әулиекөл аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің ережесі
Ескерту. Ереже жаңа редакцияда Қостанай облысы Әулиекөл ауданы маслихатының 21.08.2026 № 480 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
1. Жалпы ережелер
1. "Әулиекөл аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мәслихат аппараты) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады және Әулиекөл аудандық мәслихаты мен оның органдарының ұйымдық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қызметін қамтамасыз етуді жүзеге асырады, депутаттардың өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына жәрдем көрсетеді.
2. Мәслихат аппаратының ведомстволары жоқ.
3. Мәслихат аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Мәслихат аппараты мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және қазақ және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. Мәслихат аппараты азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Мәслихат аппараты егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Мәслихат аппараты өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Мәслихат аппараты басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Мәслихат аппаратының құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 110400, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, Әулиекөл ауылы, 1 Май көшесі, 44.
10. Осы Ереже мәслихат аппаратының құрылтай құжаты болып табылады.
11. Мәслихат аппаратының қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.
12. Мәслихат аппаратына кәсіпкерлік субъектілерімен мәслихат аппаратының өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
2. Мәслихат аппаратының міндеттері, функциялары және өкілеттіктері
13. Міндеттері: Мәслихат аппаратының негізгі міндеті мәслихаттың және оның органдарының қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету, сондай-ақ мәслихат депутаттарына өз өкілеттіктерін жүзеге асыруда жәрдем көрсету болып табылады.
14. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
жеке және заңды тұлғалармен азаматтық-құқықтық қатынастарға түсуге, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шарттар жасасуға және өзге де мәмілелер жасауға;
мәслихаттың және оның органдарының отырыстарына, сондай-ақ мәслихат өткізетін өзге де іс-шараларға қатысуға;
мәслихаттың құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, лауазымды адамдардан қажетті құжаттарды, мәліметтерді және өзге де материалдарды сұратуға және алуға;
заңнамада белгіленген тәртіппен мәслихаттың қарауына енгізілетін материалдар мен құжаттарды дайындауға мемлекеттік органдарды, ұйымдарды, мамандар мен сарапшыларды тартуға;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға.
2) міндеттері:
мәслихаттың, оның органдары мен депутаттарының қызметін ұйымдастырушылық, құқықтық, ақпараттық-талдамалық, құжаттамалық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыруға, оның ішінде мәслихаттың және оның органдарының отырыстарына, сондай-ақ мәслихат қызметі шеңберінде өткізілетін өзге де іс-шараларға материалдар дайындауды қамтамасыз етуге;
өз қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға.
15. Функциялары:
мәслихаттың, оның төрағасының, тұрақты және уақытша комиссияларының, мәслихаттың өзге де органдары мен депутаттарының қызметін ұйымдастыруды қамтамасыз ету;
мәслихаттың, оның төрағасының, органдары мен депутаттарының қызметін құқықтық қамтамасыз ету;
мәслихаттың және оның органдарының қарауына енгізілетін мәслихат шешімдерінің жобаларын, өзге де құжаттар мен материалдарды дайындауды, ресімдеуді және сүйемелдеуді ұйымдастыру;
депутаттардың өз өкілеттіктерін жүзеге асыруы кезінде олардың қызметін ұйымдастыруды-әдістемелік қамтамасыз ету;
мәслихаттың, оның төрағасының, органдары мен депутаттарының қызметін ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету;
мәслихаттың, оның төрағасының, органдары мен депутаттарының мемлекеттік органдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, ұйымдармен, азаматтық қоғам институттарымен және халықпен өзара іс-қимылын ұйымдастыруды қамтамасыз ету;
мәслихаттың, оның төрағасының, органдары мен депутаттарының қызметін ақпараттық сүйемелдеуді, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимылды және халықты мәслихаттың қызметі туралы хабардар етуді қамтамасыз ету;
мәслихаттың, оның төрағасының, органдары мен депутаттарының қызметін құжаттамалық қамтамасыз ету, іс жүргізуді ұйымдастыру және құжаттардың архивтік сақталуын қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мәслихатқа келіп түсетін жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, сондай-ақ петицияларды қарауды ұйымдастыруын қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына және еңбек заңнамасына сәйкес мәслихат аппаратындағы кадр жұмысын ұйымдастыру;
мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың сақталу мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыру;
аппараттың құзыреті шегінде мәслихат аппаратының және мәслихаттың қызметін қаржылық, материалдық-техникалық және шаруашылық жағынан қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.
3. Мәслихат аппараты басшысының мәртебесі мен өкілеттіктері
16. Мәслихат аппаратының қызметіне басшылықты мәслихат аппаратының басшысы жүзеге асырады. Ол мәслихат аппаратына жүктелген міндеттердің орындалуына және өз өкілеттіктерінің жүзеге асырылуына дербес жауапты болады.
17. Мәслихат аппаратының басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
18. Мәслихат аппараты басшысының орынбасары болмайды.
19. Мәслихат аппаратының басшысы өз өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес жүзеге асырады.
20. Мәслихат аппараты басшысының уақытша болмауы кезеңінде оның өкілеттіктерін орындау Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
4. Мәслихат аппаратының мүлкі
21. Мәслихат аппараты заңнамада көзделген жағдайларда оқшауланған мүлікке жедел басқару құқығына ие бола алады.
Мәслихат аппаратының мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өзінің қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
22. Мәслихат аппаратына бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
23. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, мәслихат аппараты өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билік етуге құқылы емес.
5. Мәслихат аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату
24. Мәслихат аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.