1. Қосымшаға сәйкес Ақтоғай ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің аппарат басшысына жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | С. Батырғұжинов |
| Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы "21" қаңтардағы № 3 қаулысына қосымша |
Ақтоғай ауданы әкімдігінің күші жойылды
деп танылған қаулыларының тізбесі
| № | Нормативтік құқықтық актінің атауы | Тіркелген және жарияланған күні |
| 1 | 2 | 3 |
| 1. | Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 96 "Ақтоғай ауданы әкімдігі атқарушы органдары "Б" корпусы әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесін бекіту туралы" қаулысы | нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 19 мамырда № 4467 тіркелген; 2015 жылғы 30 мамырда № 21 "Ауыл тынысы" және № 21 "Пульс села" аудандық газеттерінде жарияланған |
| 2. | Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 30 қаңтардағы № 34 "Ақтоғай ауданының жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының қағидаларын бекіту туралы" қаулысы | нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 5 наурызда № 3724 тіркелген, 2014 жылғы 29 наурызда № 12 "Ауыл тынысы" және № 12 "Пульс села" аудандық газеттерінде жарияланған |
| 3. | Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 336 "Ақтоғай ауданының ауылдық округтері аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындарды белгілеу туралы" қаулысы | нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 13 қаңтарда № 4263 тіркелген; 2015 жылғы 24 қаңтарда № 3 "Ауыл тынысы" және № 3 "Пульс села" аудандық газеттерінде жарияланған |
| 4. | Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 64 "Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар және кәмелетке толмаған интернаттық ұйымдар түлектері үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" қаулысы | нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 26 наурызда № 3741 тіркелген, 2014 жылғы 29 наурызда № 12 "Ауыл тынысы" және № 12 "Пульс села" аудандық газеттерінде жарияланған |