1. Қосымшаға сәйкес Әйтеке би ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының көшірмелері мүдделі органдарға жолдансын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Т.Рахметовке жүктелсін.
| Аудан әкімі: | А.Бердалин |
| Әйтеке би ауданы әкімдігінің | |
| 2016 жылғы 7 шілдедегі | |
| № 125 қаулысымен бекітілген |
"Әйтеке би ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күшін жою туралы" қаулыларының тізбесі.
| № | Қаулы № | Қабылданған күні | Қаулының атауы |
| 1 | 105 | 01.04. 2011 жыл | "Қоғамдық жұмыстарды жергілікті бюджет есебінен ұйымдастыру және оның көлемі туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-2-106 болып тіркелген, "Жаңалық жаршысы" газетінде 2011 жылғы 12 мамырда жарияланған). |
| 2 | 28 | 08.02. 2013 жыл | "Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квоталарын белгілеу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3543 болып тіркелген, "Жаңалық жаршысы" газетінде 2013 жылғы 14 наурызда жарияланған). |
| 3 | 50 | 26.03. 2015 жыл | "2015 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсанда азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4300 болып тіркелген, "Жаңалық жаршысы" газетінде 2015 жылғы 15 сәуірде жарияланған). |
| 4 | 163 | 11.09. 2015 жыл | "2015 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4540 болып тіркелген, "Жаңалық жаршысы" газетінде 2015 жылғы 22 қазанда жарияланған). |
| 5 | 55 | 30.03.2012 жыл | "Әйтеке би ауданы бойынша қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-2-132 болып тіркелген, "Жаңалық жаршысы" газетінде 2012 жылғы 26 сәуірде жарияланған). |
| 6 | 27 | 8.02.2013 жыл | "Әйтеке би ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 55 "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3542 болып тіркелген, "Жаңалық жаршысы" газетінде 2013 жылғы 14 наурызда жарияланған) |
| 7 | 167 | 10.04.2009 жыл | "Әйтеке би ауданында 2009-2012 жылдарға әлеуметтік жұмыс орындарын ашу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-2-78 болып тіркелген, "Жаңалық жаршысы" газетінде 2009 жылғы 14 мамырда жарияланған) |
| 8 | 276 | 1.06.2009 жыл | "Әйтеке би ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 10 сәуірдегі № 167 "Әйтеке би ауданында 2009-2012 жылдарға әлеуметтік жұмыс орындарын ашу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-2-82 болып тіркелген, "Жаңалық жаршысы" газетінде 2009 жылғы 18 маусымда жарияланған) |