"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 және "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңдарына сәйкес, Жаңақорған ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" Жаңақорған ауданы әкімінің 2015 жылғы 20 шілдедегі № 17 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2015 жылдың 29 шілдеде № 5074 болып тіркелген, 2015 жылғы 01 тамызда № 59 (7877) "Жаңақорған тынысы" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Идирисовқа жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Жаңақорған ауданының әкімі | Р. Рустемов |