Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабының 8-тармағына сәйкес аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Шу ауданы әкімінің 2014 жылғы 6 наурыздағы "Сайлау учаскелерін құру туралы" № 1 шешімінің күші жойылды деп танылсын. (Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2014 жылы 14 сәуірде 2158 нөмірімен тіркелген).
"Шу ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы шешімнің 1-тармағында көрсетілген нормативтік құқықтық актінің күші жойылды деп танылғаны туралы әділет органдарына және ресми жариялау көздеріне хабарлауды қамтамасыз етсін.
Осы шешімінің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Е. Аймамбетовке жүктелсін.
| Аудан әкімі | Р. Дәулет |