Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Облыстық бюджет қаржылары есебінен төлемдерді қолма-қол ақшасыз және қолма-қол ақшалай түрде жүзеге асырудың тәртібі туралы" Жамбыл облысы әкімиятының 2004 жылғы 8 маусымдағы №148 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1408 болып тіркелген, 2004 жылдың 3 тамызында "Ақ жол" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. "Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен және мерзімдерде осы қаулының 1-тармағында көрсетілген нормативтiк құқықтық актінің күшi жойылды деп танылғаны жөнінде әдiлет органдарына және ресми жариялау көздеріне хабарлауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Б.Орынбековке жүктелсін.
| Облыс әкімі | К. Көкрекбаев |